Жастардың терең білімді болуы – ел дамуының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған негізгі тақырыптың бірі  де осы болатын. Осыған орай, Аманат партиясының өкілдері Тәшенов университетінің студенттерімен кездесіп, жолдауда айтылған міндеттерді ашық әңгіме форматында талқылады. 

Кездесуде президент Жолдауы жастарға еркін форматта түсіндірілді. Бүгінгі жастар – болашақ Қазақстанның бейнесі екенін айтқан партия өкілі ойы ашық, көзқарасы айқын, іске епті азамат дамыған қоғамды құрайтын бірден-бір күш, дейді.  
Кездесу барысында аманаттықтар студенттерге мемлекет тарапынан қолдау тапқан жастар жобалары туралы да кеңінен сөз қозғады.  Кәсіп ашудың қыр-сырына үңілуді бүгіннен бастауға кеңес берген олар, жастардың негізгі мәселесін шешу жұмысымен таныстырды. 
Студенттер Жолдауды қолдауға арналған шарадан өздеріне қажетті ақпаратты алғанын айтады. Әрмен қрай, айтылған бес бағытты дамытуда белсенділік танытатындарын да жеткізді.  
Жиын соңында жастар өз ұсыныстарын білдірді. Жолдау жүктеген міндеттерді орындауда орта буынның қосар үлесі маңызды. Бұл ретте, білім мен тәрбиені қатар алған болашақ мамандар Қазақстан дамуының драйвері бола алатыны анық.