Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадионда баскетболдан қыздар 2006 -2007 жылы туылған бойжеткендер арасында республика біріншілігі аяқталды. Шымкенттің командасы ел чемпионы атанды 


Апта бойы Шымкент қаласында қыздар арасында екі жас ерекшілігі бойынша баскетболдан чемпионат басталды.  Бойжеткендер арасында чемпионаттың соңғы -туры ойнатылып оған  іріктеуден жаңіп шыққан 6 команда жіберілді. Олардың қатарында алаң иелерімен қатар Астана, Маңғыстау, Жамбыл облысы  және ел чемпионатында дербес команда ретінде бағын сынап отырған Ленгір қаласының баскетболшылары бар.
Аса тартыспен өткен шешуші кездесуде Шымкент қаласының құрамасы Астана қыздарымен кездесіп айқын басымдықпен ұтты. Жүлделі үшінші орынды Жамбыл  облысынан басым болған Маңғыстау облысының  қыздары жеңіп алды. Ең үздік баскетболшы ретінде шымкентттік Галина Юлдашова арнайы жүлдеге ие болды. Шымкент қаласының 4 спортшысы  ел құрамасына мүше болып алынды. Енді олар Қазақстан құрамасының сапында шет елде өтетін жарыстарға қатысады.  Баскетболдың жастар арасындағы дамушы спорт түрі екені белгілі. Қаламызда өтіп жатқан жастар лигасы қаламыздағы баскетбол спортының аясын кеңейтіп осы жас ерекшелігі бойынша қыздарымыз ел чемпионы  атанды. Баскетболмен айналысатын жасөспірімдер қатары жыл сайын арта түседі.