Шымкентте «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Игі іс жасап жарысатын азаматтар арасында өтетін конкурс республикалық көлемде биыл 5 рет өткелі отыр. Бұл туралы арнайы баспасөз брифингіндемәлім болды.


Аталмыш шара қайырымдылық пен қамқорлыққа жаны жақын тұлғалар арасында жыл сайын өткізіледі. Негізігі мақсат әлеуметтік көмекке зәру жандарға қол ұшын созу, жомарт, мейірімді жандардың ісін қалың бұқараға насихаттау.
Сайысқа қатысушылар 7 номинация бойынша бақ сынасады. Олар: Асар, Туған жер, Батыл жүрек, Мейірім жолында, Қайырымдылық тарихы, Бала жүрегі және Жануарға мейірім.Аталған номинациялар қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуге ат салысқан азаматтарға беріледі.
Қамқор жандар арасында өтетін байқауға өтінім қабылдау 30 желтоқсанға дейін жалғасады.Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарынан табуға болады.Айта кету керек өткен жылы осы номинацияларға Шымкенттен 40 үміткер қатысып, оның 3-і жеңіске жеткен.