Көркем гимнастика шеберлері жарады. Эстетикалық топтық гимнастикадан Австрияда өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы шымкенттік «Кармелита» командасы 3-орынды жеңіп алды.


Гимнастшылар Алия Юсупова басқаратын №9 көркем гимнастика спорт мектебінің оқушылары. Оларды жанкүйерлері Шымкент әуежайынан күтіп алып, қошемет көрсетті. Айта кетейік, эстетикалық гимнастика – бұл көркем гимнастика, би және акробатика элементтерін біріктіретін синтетикалық спорт түрі. Белсенді билей жүріп, музыканың жалпы сипатын жеткізу, түрлі эмоцияларды беру. Оны Қазақстанда 2018 жылдан бері эстетикалық топтық гимнастика федерациясы насихаттап жүр. Спорттың бұл түрі Ұлттық Олимпиада комитетімен мойындалған. Еліміздің Мәдениет және Спорт министрлігімен аккредиттелген.