Республика күні, Тәуелсіздік күні  бір күн ғана  аталып өтетін мереке емес. Ата-бабаларымыз армандағат азаттық күні  жыл бойы ел жерде ескеріліп отырса артық етпейді. Қос қастерлі күн  Сайрам тұрғын алабында аталып өтті.


Бүгінгі бейбіт күн ел ішіндеге ынтымақ бірліктің нәтижесі.  Тәуелсіздіктің жемісі. Жиында сөз алаған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы мерекенің маңыздылығын сөз етті.
Жиын барысында білім саласында тер төгіп жүрген мұғалімдердің еңбегі ескерілді. Оларға арнайы қала әкімі мен басқарманың алғыс хаттары табысталды. Марапат биігінен көрінген білікті мамандар құтықтау тілектерін жеткізді.
Жиынға 200 дей алап тұрғындары  жиналды. Оларға қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Сонымен қатар Сайрамның кішкентай өнерпаздары би билеп  көптің көңілін қошқа бөледі. Жиынға келген жұртшылық мемлекеттік мерекенің маңыздылығын сезініп қайтты.