Түркістанда Бокстан жасөспірімдер арасында республикалық сайыс өтті. Онда 9- жастан 14 жасқа дейінгі балғын боксшылар бақ сынады. Олар 6 салмақ дәрежесі бойынша өара мықтыны анықтады. Доданы ұйымдастырушы "Азаттық рухы " қоғамдық бірлестігі.  Мақсаты- тәуелсіз елдің спортын дәріптеу. 


Бұл сайыс Азаттық рухы Қоғамдық бірлестігі ұйытқы болуымен жүзеге асты.  Республикалық дода Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Әли Жұмабектің жасы 9-да.  Түркістандағы №26 мектепте білім алады.  Боксқа қызығушылығы өте жоғары. Тәулігіне 4 сағат осы спортпен айналысады екен. Қимылы ширақ. Тәп-тәуір тәжірибе жинағаны байқалады.  Алғашқы қарсыласын аса қиналмай жеңді.
Мұндай сайыстар жасөспірімдердің шыңдалып тәжірибе жинауы үшін өте қажет. Жетісайдан келген командалар да тыңғылықты дайындықпен келіпті.  Сайысты ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтары жоқ. Келесі дода мақталы ауданда өтетініне қуанышты.
Бұл сайыс желтоқсаншылар тарапынан былтыр ұйымдастырылған. Биыл екінші рет өтіп жатыр. Қатысушылардың географиясы жыл сайын ұлғайып келеді. Биылғы сайысқа Көкшетау қаласы мен Қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан да жас саңлақтар келген.  
Ұйымдастырушылар бұл доданы дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.  Олар осы  сайыс жас боксшыларға ұлттық рухты көтеруге, елімізде бокс спортының дамуына айтарлықтай септігін тигізеді деп сенеді.