Шымкентте «Саяси көшбасшы әйелдер» мектебі ашылды. Іргелі оқу ордасы ОҚМПУ-нің қабырғасында кірпіші қаланған бұл мектепте нәзік жандыларды қоғамдық-саяси, заңнамалық салаға бағыттай отырып, мемлекет ісіне араластыру көзделген. Онда, кез-келген азаматша саяси сауатын арттыра алады.


Әйелдер күштер Альянсының мұрындық болуымен ашылған мектеп, алғашқы шәкірттерін қабылдады. Оларға халықаралық деңгейдегі жетекші мамандар дәріс оқитын болады. 35 сағатқа созылатын шеберлік сабағында  нәзік жандылар көшбасшылықты, жеке брендті, іскерлік имиджді, сондай-ақ, стильді дамыту бойынша жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, психолог маманнан кеңес алатын әйелдер қауымы этикет дағдыларын барынша үйренетін болады.Бұл ретте, кез-келген азаматшаға есік ашық.
Елімізде нәзік жандылардың биллікке араласуы төмен деңгейде, екен. Бұл туралы жиын барысында  Заңды тұлғалар бірлестігі әйелдер күштер Альянсының төрайымы Жанетта Жазықбаева мәлімдеді. Айтуынша, 143 мемлекеттің арасында гендерлік саясатты жүргізуде еліміз 105 орынға тұрақтапты. Алдағы уақытта, «Саяси көшбасшы әйелдер» мектебінің түлектері арасында кадрлық резевті дайындалатын болады. Олар саяси додаларда өз бақтанын сынамақ.