«Шымкент жастар лигасы» жобасы 3 кезеңінің ойыншылары баскетбол спорт түрінен жарысқа түсті.  Қалалық турнирде жалпы орта білімберу мекемелерінің оқушылары бақ сынауда. Бұл жолғы жұлде қай мектептің қоржынында?


Бүгінгі сайыс Абай ауданына қарасты №136 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залында өтті. Кестеге сәйкес ұлдар арасындағы баскетбол спорт түрінен №52 мен №136 мектеп және  №56 пен №23 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты.
Лигакомандаларды қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталған.Олар өз камандаларыны қолдау білдіріп, әр ойында жігер беріп, жандарынан табылады.  Бүгінгі сайыс та өте тартысты өтуде. Камандалардың осалы жоқ. Бәрі де жеңіс үшін жандарын салып ойнауда.
«Шымкент жастар лигасы» жобасының 3 кезеңінде  баскетбол спорт түрінен 1 ойында  №136 мектеп оқушылар жеңіске жетті. 2 кезеңде №23 мектеп оқушылары басым түстті. Енді олар финальдық кездесуде өзара сынға түседі. Жастар лигасының финальдық ойындары 2023 жылдың басында өтеді.