3Х3 баскетболдан Қазақстан чемпионаты өз  мәресіне  жетті. Ұлдар мен  қыздар арасындағы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 400 ден астам жас спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздіктер марапаттады.


Елімізде  жастар мен  жасөспірімдер  арасында баскетболдан 3Х3 ойын түрі  дамып  келеді. Қажымұқан атындағы орталық стадионда ұйымдастырылған жарысқа   бес  жас  ерекшелігі  бойынша 97-команда  қатысты.
Ұлдар  арасында жасы  үлкен  баскетболшылар  тобында Шымкенттің  екі  командасы  ақтық  сында  өзара  күш  сынасты. Ал,  қыздар  арасында Астана  мен Тараз қаласының ойыншылары кездесті. Нәтижесінде Астаналық команда басымдық көрсетті. Ал, осы топта  жеңімпаз  бола  алмаған  Жамбылдық   қыздар жасөспірімдер  арасында жеңімпаз атанды. Бұл сайыста Түркістан облысының спортшы қыздары  мықтылық  танытты.
Айта өтейік, марапаттау рәсіміне мемлекеттік  жаттықтырушы Иван Гайна және  атақты  боксшы, аула  баскетболының  талантты  шебері Ангелина  Лукас  қатысты. Еліміздің  ең  мықты  баскетбол  бапкерлерінің  қатарында  шымкенттік  Камалжан Ешметовтің  көп  жылдық  еңбегі  аталып  өтілді.