Елімізге кіріп жатқан  тіркеуі жоқ шетелдік көліктер қатары артуда. Бүгінгі таңда Грузия, Әзірбайжан мемлекеттеріненде  автокөліктер  көптеп әкелінуде. Бұл көліктерді елімізде тіркеуге кедергі көп.


Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына, үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауар болып есептелінеді. Сондықтан шекара асып келген темір тұлпарлар елімізде  1 жылдан аспайтын мерзімде ғана жүре алады. Сонымен қатар одақтың кедендік аумағында декларанттың яғни шетелдік иесінің иелігінде және пайдалануында болуы шарт.
Уақытша әкелінген көлік құралын сатып алу келісім шарты жасалған жағдайда, міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өткізу қажет.   Бүгінгі таңда кеден заңнамаларындағы нормаларды сақтауға қатысты Шымкентте рейдтік шара ұйымдастырылуда. Нәтижесінде уақытша әкелінген 23 жеңіл автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 375 мың теңге айыппұл салынған. Ұсталған көліктердің 19 кедендік тазартылудан өткізіліп мемлекет пайдасына 21 млн теңге кедендік төлем мен салық өндірілген.
ҚР азаматтарымен Грузия, Әзірбайжан елдерінен автокөлік сатып алған жағдайда ол жақтан есептен шығарылып Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында сатып алған адамның атына рәсімделуі керек.