Түлкібас ауданында еркін күрестен жөсөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Облыстық чемпионатқа 32 командадан 518 балуан қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтайды.


Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және Түркістан облысының күрес түрлері федерациясының Президенті Бауыржан Мұсабеков арнайы қатысты. Олар ел намысын қорғайтын саңлақтарға сәттілік тіледі. Алдағы чемпионатта өңір намысын жоғары дәрежеде қорғайды деп сенім білдірді.
Ал, UWW ережесі бойынша ұйымдастырылған  сайысқа жалпы 32 команда, 518 балуан қатысып, бақтарын сынауда. Түркістан облысының жасөспіпімдер және кіші жасөспінімдер арасындағы құраманың аға бапкері Абылайхан Рыспаев күрес бәсекесенің негізгі мақсатына тоқталды.
Жастайынан күрес өнеріне жақын болып өскен Сайрам ауданының тумасы Нұрхан Жұмабек бұл жарысқа жеңіс үшін келгенін және бұл спортқа кездейсоқ келмегенін айтып, болашақта олимп шыңын бағындыру үшін, аянбай тер төгетінін жеткізді.
Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан сайдың тасындай іріктеліп қатысып жатқан чемпионат 27-ші қаңтар күні аяқталады. Жеңімпаз балуандар диплом, медаль, кубоктармен және облыстық күрес түрлері федерациясы тарапынан қаржылай марапатталатын болады.