Шымкентте шайбалы хоккейден ҚР Чемпионаты өтіп жатыр. «Федерация Кубогына» еліміздің 8 командасы таласып әлек. Ал, спортшы саны 145 екен. Спортшылар Астана, Алматы, Петропавл, Рудный, Шымкент қалаларынан. 24 қаңтар күні басталған чемпионат осы айдың 27-не дейін жалғасады.


Чемпионат 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Бұл ауқымды жарыстың 2 кезеңі. Бірініші тур былтыр өткен болатын. Кубок 4 кезеңнен тұрады. Қорытынды бойынша үздік командалар ішінен жеңімпаз анықталады. Қазіргі таңда №8 қысқы спорт мектебінің оқушылары 3 жас бойынша федерация кубогына қатысады екен. Командаға қыз балалар да қосылуға рұқсат етілген. Оқу-жаттығу барысында 3-4 жылдық тәжірибесі бар балалар осы жарыста өзін көрсетіп, ойнап жатыр екен. Айта кетейік, аталған мектептің 2 оқушысы әлем чемпионатына қатысып жатыр. Бірі мәнерлеп сырғанаудан және шорт-тректен.