Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін. Осылай деген қалалық транспорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мұхтар Қоқанбаев 2016 жылдан бері автобустарда жол жүру ақысы көтерлімегенін тілге тиек етті. Оған тасымалдаушы шығынының 15 пайызға артуы себеп. Басқарма басшысының сөзінше елдегі ең арзан тариф Шымкент қаласында екен.


Үшінші мегаполисте қоғамдық көліктерде жүру құны 2016 жылдан бері көтерілмепті. «ЮжАвтоТранс» тасымалдаушы ассосиациясының өкілдері автобустарға жұмсалатын шығынның артқанын айтып, транспорт басқармасына жол жүру ақысын көтеру туралы ұсыныс тастаған.
Қоғамдық көлікте жүру құны 90 теңге дейін көтерілуі мүмкін. Осы ретте басқарма өкілдері тегін жүретін азаматтардың да жағдайын қарастырып отрымыз дейді. Бүгінде шаһарда автобустарда тегін қатынайтын 6 топ бар. Енді мұның қатарына Ауған соғысының ардагерлері де қосылуы мүмкін.
Бүгінде қоғамдық көлік бойынша елдегі ең төменгі тариф Шымкентте. Деседе басқарма өкілі  автобустардағы жол жүру ақысы нақты қашан көтерілетінін айтпады.  Айта өтейік қазіргі таңда үшінші мегаполисте 750 ден аса автобус 78 бағыт бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуде.