Өздеріңізге белгілі, 23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша акция басталды. Осы орайда интернет желісінде жүргізушілерге шет елдерден  әкелінген  автокөлік құралдарын есептен шығару бойынша қызметтер ұсынатын күмәнді хабарландырулар пайда бола бастады. Мәселен Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарына мониторинг жүргізу кезінде, "OLX" сайтынан Армениядан әкелінген автомобильдерді есептен шығару бойынша қызмет ұсынатын күмән тудыратын хабарландыруды анықтады.


Тәртіп сақшыларымен анықталғандай, мұнда белгісіз адам клиенттерге 1 миллион 200 мың теңгеге "автокөлікті есептен шығаруды" ұсынған. Ол үшін тек техникалық төлқұжат, сондай-ақ  бүкіл  процедурадан өткізіп, рәсімдеу үшін бір тәулік қажет. Осыдан кейін  есептен шығарылғанын растайтын құжаттар 7 күннен кейін пошта арқылы келеді деп  жалған қызметін ұсынған.Түркістан облысы ПД полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған күдіктінің жеке басын анықтады.  
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕКІНШІ РЕТ МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІНІ АНЫҚТАДЫ
Жетісай  қаласы көшелерінің бірінде түнгі сағат 01:55 шамасында жүрісі күмәнді «Ауди 100» маркалы көлікті тоқтатады. Тексеру кезінде полицейлерге «Аudi-100» маркалы  көлік  иесінің мас халде екені сезік тудырды. Тәртіп сақшылары осы жайтты нақтылау үшін  медициналық  сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысына сәйкес күдікті азаматтың масаң күйі расталды.