Үшінші мегаполисте 100-ден аса үй бұзылады. Реновация бағдарламасы аясында мамандар шаһардағы тозығы жеткен үйлерді сүру үшін тұрғындар арасында түсіндірмелік жұмысын бастап кетті.


Іргетасы  отырып, қабырғасы қисайған мұндай үйлердің қожайындары реновация бағдарламасына іліккендеріне қуанады. Басымы тозығы жеткен баспанасы ертерек сүрілсе екен дейді.  Себебі апатты жағдайдағы үйдің шатыры опырылып түскенін күткісі келмейді.
Реновация бағдарламасы аясынды шаһарда 107 ескі  тұрғын үй анықталған. Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері тұрғындарға бағдарлама барысын түсіндіріп, өтініш-талаптарын тыңдап жүр. Айтуларынша тұрғызылатын жаңа үйлер 9 қабаттан кем болмайды.
Жауаптылар реновация бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті және Алматы қаласының құрылыс компаниялары қызығушылық танытып отырғанын айтады. Оларға қойылатын арнайы талаптар да бар. Айта өтейік, Ел  Президенті елімізде реновация бағдарламасы аясында 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көп пәтерлі үй салуды тапсырған болатын.