2023 жылы шымкентте 261 адамға 2,5 пайызбен микрокредит беріледі. Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін бұл жобаға 1,3 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков брифингте айтты. Жеңілдетілген несиені кімдер, қалай алады?


2022 жылы Шымкентте 40 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Өткен жылды қорытындылаған жауаптылар, алдағы жоспарлармен бөлісті.Мәселен биыл өз кәсібін ашамын деген жастарға мемлекет тарапынан 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Микрокредиттің ең жоғарғы соммасы 5 млн теңге, мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығымен айналысамын дегендерге 7 жылға дейін беріледі екен.
Микрокредитке үміткерлер 21-35 жас аралығында болу керек. Кәсіппен айналысып көрмеген азамат болса да жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп өз жобасымен несиеге өтінім тастаса болады. Ең бастысы кәсіппен айналысып жүргеніне 5 жылдан аспауы керек.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Күміс жас» жобасының контингенті мен қатсыу мерзімі ұлғайды. Бұрын 58 жастан, 1 жыл жұмыс істей алса енді  50 жастан бастап жұмыс мерзімі 3 жылға дейін созылып отыр. Қандай да бір мекемеге болмаса жеке кәсіпкерлікке зейнетке дейінгі азаматтардыжұмысқа алса айлық табысының бір бөлігін мемлекет төлейді. 1 жыл 70 пайыз, 2 жыл 65 пайыз, 3 жыл 60 пайыз жалақы мөлшері бюджет қаржаты есебінен субсидияланады.


Е. Бөбеев