Өңірміздегі су тасу қауіпі бар аймақтарда апаттың алдын алу жұмыстары қызып тұр. Арыс қаласында жауын-шашынның шамадан тыс түсіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген.  Жауған қар, мұздықтардың еруіне байланысты елді мекендерді су басу қаупін алдын алу бойынша тиісті  жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Бұл  қалада  жиылған жаңбыр суы Қабылсай арқылы арыс өзеніне қосылады. Сондықтан осы қашыртқынң тасып кетпеуін мамандар барынша қадағалаған.
Арыста топан суды тізгіндеу үшін  15 мотопомпа, және 22 бірлік арнайы техника Алдырылған. Кәсіпкерлер мен қатар әскерилерде қауіптің алдын алуға атсалысқан Олардың күшімен 8000 қап құм әзірленіпті. Дер кезінде келген көмекке тұрғындар дән разы.
Қазіргі таңда Монтайтас ауылдық округінде су басу қаупі бар арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде.Ал, Қызылкөпір елді мекенінде орналасқан Бөген өзені жағалары бекітіліп, суды қауіпсіз аймаққа бұру жұмыстары жалғасуда.Ал қала көлемінде, су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.