Қаратау мен Еңбекші ауданындағы 5 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды.


Мұндай шаралар қаладағы су басу қаупін сейілтеді. Сонымен қатар ирригациялық жүйелердің сапасын жақсартады. Салаға жауаптыларының айтуынша қалада 18 қауіпті аумақта бар. Қазір сол жерлерде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары жүріп жатыр.Оған қоса шаһарда қоқыс тастау мәселесі күрделі. Соған байланысты әр ауданға 10 экологиялық полиция қызметкері бөлінбек.