Шардара қаласында 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Түркістан облысының чемпионаты басталды. Балуандар белдесуіне облыстың барлық ауданынан 14 команда қатысып, жалпы 172 спортшы  бақ сынап жатыр. Жеңіске жеткендері Республикалық чемпионатта Түркістан облысының намысын қорғайды.


Жарыстың ашылуына арнайы қатысқан Шардара аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев өңірімізде күрес түрлерінің әлемдік деңгейде дамып жатқанын айтты. Жалпы облыстық чемпионатқа 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер қатысып жатыр.
Боз кілемдегі белдесуіге Түркістан облысының барлық ауданынан 14 команда қатысып, күш-жігерлерін ортаға салып жатыр. Спорт сайысына 38 келі салмақ дәрежесінде қатысып жатқандардың бірі - Заңғар Нұрлыбек.
Жарыс қорытындысы бойынша әзірге шардаралық саңлақтар көш басында. Бас жүлдені иеленген талантты балуан 57 келідегі  Тұрсынхан Нұрымхан - Шардараның тумасы. Бұдан басқа белдескен 44 келі салмақтағы  Аягутов Тимур күміс иеленді. Ал, облысымыздың дарынды спортшылары  Салман Ерсұлтан мен  Бақтыбай Жанболат қола жүлдені еншіледі. Енді олар алда өтетін Ел чемпионатына қатысады.