Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтініш қабылдау рәсімі басталмай жатып аяқталып қалды. Елімізде 4 пайыздық несиемен жаңа көлік алу бағдарламасы биыл да жалғасып жатыр. 6 ақпанда, яғни бүгін өтініш қабылдаудың бірінші легі басталып, 18 секунда аяқталып қалған. Ескі де жаңа жоба көпшіліктің сынына қалды.


Бағдарламаны "Өнеркәсіпті дамыту қоры" жүзеге асырады. Арнайы дайындалған аутонеси.кз сайты 10:00-де жұмысын бастады. 18 секунда, яғни платформада жеңілдетінген автонесие алуға өтініштер саны 761-ге жеткенде сайт жұмысын тоқтатты.
Көптен қалмай, жеңілдетілген автокөлік алуға ниеттенгендердің бірі –арна тілшісі, әріптесіміз Гүлнар Асқарқызы. Ескі темір тұлпарын тізгіндеп жүргеніне бір жылдан асты, ендігі мақсаты бағдарлама аясында жаңа көлік алу еді. Өтінім беру үшін интернет жүйесіне қосылған компьютерін, электронды цифрлық қолтаңбасын дайындап сағат тілі 10:00-ді күтті. Алайда, ойлағаны іске аспады.
Бағдарлама арқылы көлікке қолы жеткен азаматтар екі жылға дейін қайта өтінім бере алмайды. Бұл алыпсатарлық пен тапшылықты жою үшін қабылданған шара.