Түркістан облысындағы 2 ақпан күні орын алған төтенше жағдайға байланысты Астанадан арнайы AMANAT партиясының орталық аппаратынан Партиялық бақылау комиссиясы келді. Олар Кентау, Ордабасы, Сауран аудандарын аралап, Шаға, Бабайқорған ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.


Ақпанның 2-сі күнгі тасқында Саламат Саруарованың  қора-қопсысына су кіріп, азық-түлік сақтайтын қоймасын басып қалған. Есік алдындағы тау болып үйілген көмірден бүгінде, қиқымы да қалмаған. Сол күннен бері ағайын-туыстың босағасын жағалап жүрген көп балалы отбасы, бүгін үйіне оралды.
AMANAT партиялық бақылау департаментінің инспекторы Заур Гучияев бастап келген бақылау комиссиясы  кездесу барысында қауіптің сейілгендігін, қазіргі таңда ауыл округтерінде штаб құрылып,  шығындар есептеліп жатқандығы айтылды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері алдағы уақытта да елдің жағдайы жіті бақылауда болатындығын жеткізді.
Жауын-шашынның шамадан тыс жаууына және жауған қар, мұздықтардың еруінен арық-атыздардағы судың тасуына байланысты Түркістан облысындағы Сауран ауданының бірнеше елді мекеніне су кірді. Шаға ауылы бойынша 50 үйдің ауласын су алып, 120 тұрғын үйдің адамдарын көшіру жұмыстары жүргізілген. Төтенше жағдай кезінде 20 техника жұмыс істеп, бөгет үшін 1350 дана инертті материал салынған қап қолданылған. Бүгінгі күнде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жағдай тұрақталып, көшірілген адамдар өз үйлеріне оралуда.