Қалада ит-мысықты стерилизациялауға қырыруар қаржы бөлінеді деп әлеуметтік желі қолданушылары даурығуда. 100 милиондаған теңге төбетті тарттыруға қаншалықты қажет деп пікір білдіріп жатқандарда бар. Бұл мәселеге Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының  басшысы нүкте қойды. 10 нан астам телеарна тілшілерін шақырып жаңа  жобаны бүге-шүгесіне дейін түсіндірді. 


Былтыр мегаполистегі иесіз үй шануарларын залалсыздандыруға бюджеттен  130 млн 720 мың теңге бөлінген. Ветеринар мамандардың айтуынша ол қаржыға   40 мың ит мысық ізетті жолмен жойылған екен. Ал биыл «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің №171 бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізіледі. Биыл Шымкентте 20 мыңға жуық ит-мысық кострацияланады. Оның ішінде 8400 төбет тарттырылып,  2100 еркек мысық піштіріледі. Осы мақсатта 140 млн дай теңге бөлінген. Қанғыбас жануарлды аулау күтіп баптау тамағынада осы қаржыдан қаралған.
Енді ветеринар мамандар өздігінен  көшеде рейд ұйымдастырып, жалғыз жарым жүрген иесіз үй жануарларларды жоймайды. Арнайы өтінім бойынша жұмыс істейді. Ұйығып жүрген 3 бастан жоғары ит  тобын ғана аулауға құқылы.  Ауланған ит мысықтар кострацияланып табиғи ортасына қайта босатылады. Тарттырылған төбет қайта босағасын адамдарға қайта тарпымасына кім кепіл. Ол үшін келесідей шаруалар атқарылады.
Шымкентте Ветеринарлық қызметке үй жануарларын аулау керектігі жөнінде  күніне  20-25 өтінім түседі. Мамандар жыл басынан бері түскен өтіннімнің 95 пайызын орындаған. Қаңғыбас жануарларды залалсыздандыру жұмысы заң талаптарына сай жүргізіледі екен. Яғни әр ит-мысық жеке ауланып залалсыздандырылады. Өткен жылы Шымкентте 3 мыңға жуық адам ит-мысыққа таланған. Зардап шеккендердің тең жартысы балалар.Осының ішінде 417 адам қорасындағы  өз итінен зардап шеккен.