Марокко астанасы  Рабат қаласында стенд атудан Әлем Кубогі жолындағы жарыс өтті.  Жарысқа әлемнің 45 елінен 250-ден астам спортшы қатысты.Қазақстан құрамасының қыздары командалық сайыста 1 алтын , 1 күміс медальді жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша құрама команда жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды.Әйелдер арасында «skeet» жаттығуы бойынша Қазақстан құрама командасы сапында алтын медальді жеңіп алғандардың қатарында Алматылық Асем Орынбай да бар. Жарыстың финалында әлемде үздік саналатын АҚШ құрамасымен бақ сынасқан қазақ қыздары намысты қолдан бермеді.Оларды федерацияның бас хатшысы құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Ал «Trap» жаттығуы бойынша командалық есепте әйелдер арасында Қазақстан құрама командасы күміс медаль жеңіп алды. Спортшылар жүлделі орын үшін финалдық есепте АҚШ құрамасымен сайысқа түсті.Мароккодағы Әлем Кубогы - бұл ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге мүмкіндік беретін және Францияда өтетін  2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.Басты мақсат - Париж олимпиадасының медалі. Алға Қазақстан!