Тілдер апталығы. Саңлақ студенттер жеті күн бойы тіл мәртебесіне байланысты түрлі тақырыпта жиынға қатысты. Игі бастаманы   Орталық Азия инновациялық университеті қолға алып отыр. Тілдер және әдебиет кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 13-17 наурыз аралығында апталық болып өтті.


Апталық барысында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт  көсемі» тақырыбында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы ұйымдастырылған. Екінші күні «Әлеуметтік желілердің адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ықпалы» тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде командалық дебат өтіпті.  Апталықта  Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін!» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауыда тартысты өткен.
Студенттер арасында тіл үйренуді насихаттау мақсатында «Полиглот» сайысы өткізілді. Сонымен қатар ашық сабақтар, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы арасында тәжірбие алмасу мақсатында семинар ұйымдастырылған. Белсенді жастар барлық шарағы қызығушылықпен қатысқан. Поэзияға жақын жастар өз шығармаларын дара тұлғаларға арнаған.
Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып отырған апталықтың мақсаты жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілге құрмет және өзге тілдірдерді меңгеруге деген қызығушылығын артыру болып табылады. Апталықтың жабылуына орай салтанатты кеш өткізіліп, түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысушылар марапатталады.