Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні. Барлығы 10 223 сайлау учаскесі жұмыс істейді.  Оның 77-сі шетелдерде.  Елде 18 жасқа толған дауыс беруге құқығы бар адамдардың саны - 12 032 550. Саяси науқан аралас схемада өтіп жатыр. Кандидаттар партиялық тізіммен және мажоритарлық жүйе бойынша ұсынылған.   Әділет министрлігінде тіркелген 7 партия бәсекеге түсіп жатыр.  Олар: КЕСТЕ: "Аманат" партиясы, "Ауыл" халықтық демократиялық-патриоттық партиясы, "Республика" партиясы, "Қазақстан халық" партиясы, "Байтақ" жасылдар партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы және ""Жалпыұлттық социал-демократиялық" партиясы.