Шымкент тұрғыны 100 жастағы кейуана Айымкул Орынбаева да көптен қалмай саяси таңдауын жасады. Ғасыр жасаған әжей кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен қала мәслихаттары сайлауында үйінде дауыс берді. Тыл ардагері қаладағы №52 мектеп ғимаратында орналасқан №283 сайлау уческесінде тіркелген.
Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Айымкүл Орынбаеваның шаңырағына келді. 1923 жылдың 8 наурызында дүниеге келген тыл ардагері он күн бұрын 100 жас мерейтойын тойлаған. Әжей ғұмырында елімізде өткен барлық сайлауға қатысқан көрінеді. Бұл жолы да саяси науқанда дауыс беріп, белсенділік танытты.
Ғасыр жасаған әженің бүгінде 5 баласынан 30 немере, 98 шөбересі бар. Тыл ардагері ұрпақтарына саяси сауатты әрі қоғамда белсенді болуды, маңдай термен адал ас табуды әрқашан еске салып отырады екен. Ұл-қыздары да бүгінгі саяси додада дауыс беріп үлгеріпті. Айта кетейік, №283 сайлау учаскесіне 2 829 сайлаушы тіркелген. Түске дейін дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысы таңдауын жасаған. Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері үйлеріне барады.