Көшбасшы партия өкілдері халыққа берген уәделерін орындауға ниетті. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалықфилиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда 5 жылға арналған үшінші мегаполисті дамытудың Жол картасы талқыланып, бекітілді.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасЫ пысықталды. Соны іске асыруға арналғагн Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ пен 452 іс-шарадан тұрады. Жол картасы – бұл сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағы бойынша көрсеткіштерді, мерзімін және орындаушылары көрсетілген нақты іс-қимыл жоспары.Келелі бас қосуда партия филиалының төрағасы алдағы міндеттердің бірі сайлауда берген уәделердің іске асырылуы екенін атап өтті.
Жиында Жол картасын іске асыру жөнінде алда бірлесе атқарылатын жұмыстар айқындалып, күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты нақты қаулылар қабылданды. Айтқандай жоспарды жүзеге асыруға қаржы көзі де қаралған. Сондықтан партияның жоспары айқын.
Жол картасына сәйкес, қаламызда 2027 жылдың соңына дейін 5,5 миллион ш.м. тұрғын үй салынады, 90 мың жұмыс орны ашылады, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 230 мың адамнан асады, жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2%-ға дейін төмендеп, 18 медициналық мекемелер, перзентхана және көпбейінді аурухана ашылады, 50 мектеп пен 10 қосымша ғимараттар салынады. Сондай-ақ, партия қала тұрғындарының 100% таза ауыз суға, сапалы электр энергиясына, табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етеді деген жоспарымыз бар.