Енді ерекше күтімді қажет ететін жандар балалар алаңшасында еркін ойнап, дене шынықтыра алады. Себебі қаладағы салынып жатқан ойын алаңдарында мұндай азаматтар үшін арнайы тренажерлар орнатылып жатыр. Игі істі Еңбекші ауданының әкімдігі қалалық прокуратураның үсынысымен алғаш қолға алған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған элементтері бар ойын алаңшалары биыл аудандағы 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына орнатылады.
Еңбекші ауданында тозығы жеткен балалар ойын алаңшасы сүріліп, орнына жаңасы орнатылып жатыр. Тұрғындар бұған дейінгі құрастырмаларда ойнау балалар үшін қауіпті екенін айтқан. Қазір заманауй үлгідегі су жаңа алаңшадан балалар қарасы үзілмейді екен. Ал ересектер жағы тренажерлардың есік алдында орнатылғанына қуанып отыр.
Халық қатысатын бюджет аясында биыл 39 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Тіпті шеткі елдімекендер де назардан тыс қалмайды. Бүгінгі таңда шаһарға шалғай орналасқан Елтай тұрғыналабында бір ойын алаңша орнатылыпты. Жауаптылар екіншісін орнату үшін арнайы жер қарастырып жатқандарын айтты.
Сонымен қатар, аудан аумағында 7 кешенді спорт алаңшалсы салынып жатыр. Қалалық прокуратураның ұсынысымен ойын алаңдарында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған тренажерлар мен ойын элементтері қарастырылған. Қазіргі таңда ауданда 49 спорт алаңшасы болса, оның саны жыл соңына дейін 56 ға жетеді.
Айта өтейік 39 ауланы абаттандыруға бөлінген қаржы көлемі 600 миллион теңге. Ал, спорт алаңшаларын орнатуға 250 миллион теңге қаржы жұмсалады.