Дендрологиялық саябақта 12 мың ағаш қурап қалған. Қазір оның мыңға жуығы кесіліпті. Емдеу жұмыстары да жүріп жатыр. Солған талдың көбі эльдар қарағайы. Негізгі себеп – қуаңшылық, судың жетпеуі. Оның үстіне ғалымдардың, орманшылардың болмауы. Денросаябағымызды сақтап қала аламыз ба?
Денрологиялық саябақта су мәселесі көтеріліп жүргеніне біраз жылдың көлемі болды. Қазір проблеманы шешу үшін автоматты суару жүйесін салу жоспарланған. Каналдарда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.


ДЕНДРОСАЯБАҚТА ҒЫЛЫМ ЖОҚ!

Дендросаябақ – ғылыми орталық. Қала ішіндегі орман. Алайда, негізгі функциясын атқарудан алшақ кетіп қалды. Білікті сарапшылар, мамандар осылай деп отыр. Өкінішке қарай, оны зерттеп, тиісті деңгейде күтіп-ұстайтын мамандар болмады. Салдары – 12 мың ағаштың қурап, өлуі. Бұл дегеніміз 102 мың ағаштың бақандай 10 пайызы кетті деген сөз. Кемшілікті жою үшін экологиялық сараптама тағайындалған. Нәтижесінде саябақтың барлық кем-кетігі, аурулары анықталады.

2023-24 жылдары ағаш және бұта тұқымдарының генофондтарын 560 түрге дейін арттыру көзделген. Ағашты бұталарға  атауы жазылған 500 тақтайша орнатылады. Осылайша, жауаптылар А.Асқаров атындағы дендрарий бағы өз қалпына оралып, келушінің таным көкжиегін арттыратын мекенге айналады деп сендіріп отыр.