Шымкенттік жасөспірімдер тоғызқұмалақтан тартысқа түсті. Шара елімізде өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысушыларға қолдау ретінде қолға алынған. Байқауға мегаполис жеткіншектерімен қатар Түркістан облысының спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тоғызқұмалақ – өткен ғасырларда түркі халықтарында кеңінен тараған ойын. Ұлттық құндылықтарды спорт арқылы жастардың бойына сіңірсек, оларды жат қылықтардан арашалауға оң ықпал етпек, - дейді ұйымдастырушылар.
Бұл ойын адамның ойлау, талдау қабілетін дамытатын есепке құралған. 2 қазан мен 18 отаудағы 162 құмалақты жетік меңгерген жастардың тартысы да қыза түсті.
Жарысқа қатысушылардың ең кішкентайы – 7 жаста. Ол - Мансұр Жақсымбет. Математикаға жүйрік. Тоғыз тасты ептілікпен жұмсау оған оп-оңай. Шеберлігі үйлескен бала қатарластарынан оза шапты.
Айта кетейік, қазіргі таңда тоғызқұмалақпен 30-дан астам ел тұрақты түрде айналысады. 2020 жыл бұл ойын ЮНЕСКО-ң адамзаттың материалдық емес мұрасы қатарына енгізілген. Осыны ескерген ұйымдастырушылар жасөспірімдер арасындағы сайысты жиі ұйымдастырмақ ниетте