Шымкентте аудан әкімдігі мен басқарма есепшісі сотталды. Олар жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған,-деп айыпталып отыр.
Белгілі болғандай, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған. Айыпталушы қос азаматша сот үкімімен 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігі шегерілді. Мамандандырылған соттың айтуынша, қос айыпталушы бухгалтерлік құжат негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударған. Сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсанында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жүйелі түрде жалақы бөліп отырған.