Қазақстанда медиация туралы Заң 2011 жылы қабылданған. Алайда, осы уақыт аралығында дауды сотқа жеткізбей шешу тәжірибесі әлі ақсап тұр. Бірақ, медиаторлар – бүгіннің билері. 5 тамыз – кәсіби мереке қарсаңында ассамблеяда арнайы жиын өткен еді, көрейік.
Медиацияның елде кең етек жаюы үшін халықтың құқықтық сауаты артуы керек. Сарапшылар осылай дейді. Кейде кикілжің мен дау да білімсіздіктен туындайды. Сондықтан болар, елде медиациялық тәртіппен шешілетін істер саны 15-20 проценттен аспай тұр.
2022 жылы медиацияға берілген істер саны 50 мың болған. Содан бері бұл көрсеткіш азайған жоқ. Қазақстан халқы ассамблеясы этномедиация тәртібімен дауларды шешіп, еңбек еткен мамандарды арнайы құттықтап, марапаттады.
2024 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 3000 кәсіби медиатор тіркелген. Бейбіт жолмен шешуге берілетін істердің басым бөлігі – отбасылық, тұрмыстық жанжал 40 пайыз, еңбек даулары 30 процент, ал қалғаны – азаматтардың қаржылай немесе мүліктік келіспеушіліктері.