Футболдан чемпиондар лигасында сәтсіз өнер көрсеткен командалар арасында конференция лигасының іріктеу ойындар өтіп жатыр. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Алматы қаласындағы орталық стадионда Арменияның чемпиона «Пюник» командасымен кездесіп 0-1 есебімен жеңіліс тапты.
«Ордабасы» өз алаңындағы ойындарын Қажымұхан стадионы ФИФАның талаптарына сай болмаған соң Алматы қалаласындағы орталық стадионда өткізді. «Ордабасы» командасының басшылығы жанкүйерлерін ойынды тамашалау үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Жергілікті жердегі жерлестеріміз бар мыңдаған жанкүйерлердің қолдауымен «Ордабасы» ойынды басымдықпен бастады. Тіпті ойынның басталған тұсында Садовскийдің салған голын есеспке алмады. Команданың бас бапкеріАлександр Седнев ойын барысында шет елден шақырылған ойыншыларға басымдық берді. Өз еліміздің бір екі ойыншысы намыс жүгін тарта алмады. Ойынның екінші кезеңінде Армения шабуылшыларының алыстан берген добын айып алаңында қабылдап алған Отубанджо үш оыншыдан сытылып шығып тамаша гол салды. Қанша мүмкіндіктер болғанмен Пюник футболшылары қолдағы мүмкіндігін бермеді, есеп 0-1 қонақтардың пайдасында. Ендігі мәселе Армения жерінде өтетін қарымта матчта шешіледі.