Еліміз бойынша «Мектепке жол-2024» акциясы басталды. Қайырымдылық іс-шарасы аясында Шымкентте көп балалы отбасылар мен ерекше күтімді қажет ететін отбасыдан шыққан 2000 балаға оқуға арналған құрал-сайман үлестірілу керек. Мегаполиске іс-сапармен келген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 200 балаға мектеп жарақтарын таратты.
Дін қызметкерлері алдымен ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың балалары мен көпбалалы отбасы балаларына мектеп жарақтарын таратты. Сөмке алған оқушылар қуанып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Шымкент қаласы бойынша акция аясында 2000 балаға қыркүйекке дейін мектеп құралдары таратылу керек. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық Ақ мешітте 500 оқушыға сөмкені өзі табыстады. Ол оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқуға шақырады.
Игі шара тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық мешіттерінде жалғасатын болады.