«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Іс-шарада партиялық бақылау комиссиясының өкілдері «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы темірбетон өндірісімен айналысатын кәсіпорын жұмысымен танысты.

 Көшпелі отырыста партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жұлдыз индустриалды аймағындағы темір бетон өндірісімен айналысатын зауыттың құрылысымен танысты. Мұндағы мақсат – партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген жол картасындағы тармақтарды орындау.
 Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталған. Биыл қараша айында толық іске қосылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жұмыстардың 80 пайызы аяқталған. Коммуникациялық жүйеге қосу ғана қалып тұр.