Түркістандық полицейлер құрылыс дүкенін тонамақшы болған екі азаматты құрықтады. Олар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықталып, ізін суытпай қолға түсті.
Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері құрылыс дүкенінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, нысанды сырттай бақылап жүрген күдіктілер кешкі сағат 22:00-де ешкім жоқтығын пайдаланып, бір дана пластик есікті жасырын ұрлап әкеткен. Ұрлықы затты үйіне пайдаланбақшы болған. Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған пластик терезені тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.