Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны азайған. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы баспасөз отырысында айтты.
7 айдың ішінде 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстыратын болсақ 29,7 пайызға кемігендігі байқалады. Жанат Өтебаева биыл 26 482 адамды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыруды көздеп отырғандарын жеткізді. Бүгінде 10 005 адам жұмысқа қабылданған. Ал, мемлекеттен грант алып 428 кәсіп бастапты. Биылғы жоспар бойынша 426 адамға грант беру көзделген екен. Жоспардың артығымен орындалуының себебін басқарма басшысы былайша түсіндірді.