Ынтымақ пен бірлікті берік ұстанған Түркістан қаласы ұлатаралық татулықтың темірқазығы. Көпұлт бір өңірде тату-тәтті өмір сүріп отырғаны – соның дәлелі.


Осыны ескерген мемлекет басшысы киелі мекеннен «Достық үйін» ашуды тапсырған болатын. Құрылысы аяқталуға жақындаған нысанның сапасы облыс әкімінің жіті бақылауында болмақ. Ғимараттың жалпы алаңы – 4 мың шаршы метрге жуық. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа нысан 150 орынға лайықталған. Төрт қабаттан тұрады. Мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылмақ. Қазір өңірде 50-ден аса этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Облыс бойынша 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.