Медианың әсері және цифрлық үндестік. Биылғы ASTANA MEDIA WEEK-тің тақырыбы осылай деп аталды. Жетекші сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал журналистер саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды. Бағдарлама үш күнге жоспарланған.
ЭЛЬМИРА ТҰРЛЫБЕК, ЖУРНАЛИСТ
Нарықтың ұдайы өзгеруіне байланысты мамандарды даярлау туралы пікір алмасулар, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қоғамға әсері туралы дәрістер оқылды.
Медиадағы құқықтық трансформация, көп платформалы экожүйелерді дамыту, өңірлік, спорттық және салалық журналистика, балалар контенті және әлеуметтік шиеленісті басқарудағы ахуалдық орталықтардың рөлі басты назарға алынды.

Сарапшылар мен индустрия көшбасшылары өз көзқарасы мен пікірін ортаға салып, жаһандық трендтер мен медиакоммуникация саласындағы озық тәжірибесімен бөлісті.
 БОЛАТ МҮРСӘЛІМ, «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қатар жабық питчингтер, кешкі нетворкинг, масс-медиа туралы жаңа заң бойынша интерактивті сессия және қазақ тіліндегі «Мақсат» атты жаппай диктант өтті. Ал ертең Контент-Маркет өтеді. Онда телеарналар мен продакшндар озық медиа жобаларын таныстырмақ.