Шымкенттегі «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында әскери міндеттілер Әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шараға  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – әскерлер штабының бастығы Нұрлан Кәрібаев пен Шымкент қаласы аумақтық бригадасының офицерлік құрамы қатысты.  
 Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастыруымен өткен Аумақтық қорғаныс бригадасының он күндік жиынында сарбаздар ан қабылдады. Іс-шара барысында Әскери ант қабылдау рәсімінің маңызы айтылды. Әрі қарай міндеттілерді Әскери ант қабылдауымен құттықтап, Отан алдындағы борышты өтеу әрбір жастардың бірден бір парызы екендігі туралы сөз қозғады. Ал әскери міндеттілер Әскери ант қабылдай отырып қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді.
МАҚСАТ ОСПАНОВ, АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 1804: 01,54-02,09
-    Жалпы саны 77 әскери міндетті Отан алдындағы әскери анттарын қабылдады. Олар өздері берген серттеріне адал болатыны туралы кез келген жағдайда, кез келген уақытта Отан алдындағы парыздарын орындауға дайын екендігін жеткізді.