Мегаполис тұрғындары қыста жаурамайды. Осылай деген энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, қаладағы 2107 көпқабатты үйдің 2064-і жылыту маусымына дайын екенін жеткізді. Айтуларынша, тозығы жеткен құбырлар ауыстырылып, даярлық пысықталған. Алайда, кем-кетік, азын-аулақ олықылықтар да бар. Мәселе қоғамдық кеңес мәжілісінде талқыланып, жауаптыларға сауал жолданды. Кеңес мүшелері жыл сайын орын алатын олқылықтарды тізіп, қайталанбауын талап етті. Толығырақ, жиынға қатысып қайтқан тілші тарқатады.

Басқарма дерегінше, қаладағы 256 білім мекемесінің дерлік барлығы жылыту маусымына дайын.  Сондай-ақ, денсаулық сақтау , спорт, мәдениет және Әлеуметтік салаларға тиесілі ғимараттар да қыста жаурамайды. Десек те, тозығы жеткен құбыр мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Жауаптылар, жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде дейді.

 ЕРБОЛАТ МАМЫРХАН, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРАМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Қала бойынша 37 пайыз құбырлардың тозығы жеткен деген көрсеткіш бар бізде. Сол көрсеткіш бойынша 29,4 км жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.»

Жиынға Қаратау ауданы әкімі де арнайы қатысып, аудан дайындығы жөнінде ақпарат берді. Айтуынша, таяқтың екі ұшы бар. Жылыту қазандықтарын қалыпта ұстау үшін элетр энергиясы да өте маңызды. Өкінше орай, аудандағы трансформаторлардың басым бөлігі тозған, қажетті энергия бөле алмайды. Соның салдарынан жылыту жүйесінен жиі ақау табылады, дейді жауапты.

РАХЫМБЕРДЫ МҮЛКЕМАНОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Оның бәрі электр энергиясымен жұмыс істейді. Бізде көптеген электр энергияның тозығы жеткен. Соған байланысты біздің кейбір трансформаторларымыз күйіп кетеді. Болмаса ток өшіп қалады. Сол кезде біздің котельныйларымыз да сөніп қалады.»

 Күн тәртібіндегі келесі мәселе – негізгі капиталға инвестиция тарту. Басқарма дерегінше: биыл үшінші мегаполиске  401 млрд теңге инвестиция тартылған. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 121% -ға өнімдірек. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 82,8 млрд теңге болса, жекеменшік инвестициялар көлемі 319,1 млрд теңгені құрап отыр.