Түркістан қаласында 110/35/10 киловольттық «Солтүстік» қосалқы станциясы пайдалануға тапсырылды. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының тапсырысымен қолға алынған жобаның құрылысы 2022 жылыбасталған. Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады.
 Құрылыс кезеңіне 40 жаңа жұмыс орны құрылса, пайдалану кезеңіне 5 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 110 кВ электр желілерінің ұзындығы – 35 шақырым. Жоба құны – 6,4 млрд теңге.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
-ТО сыртқы энергияға тәуелдіміз. 80 пайыз біздің ТО да қолданып жатқан энергия сырттан келеді. Соның 20 пайызын ғана өзіміз өндіреміз. Ендігі кезекте президентіміздің тапсырмасы бар. ОСы электр қуатын халыққа қолжетімжі жасау. Оның арқасында өндірісті де дамыту соынң есеьінен оған сол президенттің тапсырмасына сәйкес Сайрамда үлкен жоба іске асырылып отыр. 1 мың мекгабаттқа жуық станцияның құрылсы жүріп жатыр.
Станция жабық типте салынған. Жобаға сәйкес 2 дана т рансформатор қондырғысын, 35 шақырымды құрайтын жоғары кернеулі 110 кВ электр желісі жүргізілген. Бұл қосалқы станция Түркістан индустриалды және еркін экономикалық аймағында шоғырланған өнеркәсіптік нысандарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етпек.
РУСЛАН МҰЗДЫБЕКОВ - ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Жалпы қуаттылығы қазіргі уақытта 37 мгб құрайды. Осы индуыстриалды аймақта бізде әртүрлі саладағы зауыттар, фабрикалар салу жоспарланған. Соларды біз тиісті электр энергиясымен қамтамасыз етуге қажетті болғанбыз.
 Сонымен қатар Түркістан қаласының аумағында 110/10 киловольттық «Сауран», «Нұртас» қосалқы станцияларының құрылысына жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдары аралығында іске асады деп жоспарланған.