ТULIP холда атом электр станциясын салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өтті. Бұл жолы жобаның мәдениет саласына тигізер оң әсері айтылды. Сала сақалары игілікті бастаманы қолдайтындарын жеткізді.
Жиынның мақсаты — атом электр станциясы құрылысы мәселелері бойынша пікір алмасу. Қатысушылар бұл маңызды қадамның Қазақстан энергетикасының дамуына қалай әсер ететіндігін талқыға салды. Мәдени қызметкерлер атом электр станциясы еліміздің дамыған үздік мемлекеттердің қатарына қосылуында басты көпір болып саналатынын атап айтты.
 ӘДЕМІ БӨРІБЕКОВА – ҚАЛАЛЫҚ КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРАНАЛҒАН АРНАЙЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ
- Әрине бұл өте өзекті және уақытылы. Себебі дәл біздің ұрпақ, өзіміздің болашақ балаларға мұра есебінде қалдырғымыз келетін дүние ол экологиялық таза өмір, сенімділік сонымен қатар еліміздің энергетика жағынан тұрақты, өз-өзіне сенімді болуы Ядролық бағыттағы зерттеулер түрлі ғылыми зерттеулер дамитын болса әрине біз үлкен әлемдік аренаға шығамыз.
Дөңгелек үстел барысында АЭС-тің пайдалы және зиянды жақтары да жан-жақты талқыланды. Заманауи атом энергетикасының қауіпсіздігі туралы сөз қозғалды. Шетелдік АЭС жұмыстары жөнінде де көптеген ақпараттар айтылды.
 АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА -  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Біз осыдан он жыл бұрын цифрлы қазақстан десе аспандағы арман сияқты көрінетін. Бізге сәт сайын, сағат сайын электр жарығы қажет. Сондықтанда қажеттілікті өтеу үшін, өзге мемлекетке тәуелді болмау үшін шын мәнісінде егеменді ел екенімізді көрсету үшін осынау қажетті дүниемізді қолдау керек деп ойлаймыз.
 АЭС салу, елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту үшін септігін тигізеді дейді жиынға қатысушылар.