Түлкібастық полицейлер есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады. Дәл осындай жағдай Мақтааралда да тіркелді.
 Нақтырақ айтсақ, елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері 27 жастағы тұрғынның басқаруындағы «Daewoo Matiz» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жедел уәкілдер тексеру кезінде көлік салонынан есірткіге ұқсас затты тапты. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 10 грамға жуық марихуана болып шықты. Жедел уәкілдер мақтааралдық тұрғынның үйін тінту кезінде сарайынан сіріңке қорабы мен қағаз орамаға салынған есірткіге ұқсас затты тапты. Оның жалпы салмағы шамамен 150 грамм "марихуана" болып шықты. Қазіргі уақытта қоскүдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.