Түркістанның қолтаңбасына айналған мәдени іс-шаралар қатары артып келеді. Соның бірі республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы. Түркі әлемінің туристік астанасына айналған киелі өңірдің рухани-туристік әлеуетін одан әрі танытатын байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мақсаты шығармашыл, дарынды жастарды анықтау, олардың өнеріне қолдау көрсету, рухани және мәдени құндылықтар алмасу, қазақ музыкасын насихаттау болып саналады. Ән додасында еліміздің барлық өңірінен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, түрлі республикалық, ұлттық ән байқауларында жетістікке жеткен 18 үміткер бақ сынайды.
АҚБОТА САБЫРЖАНОВА -  БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
- Бұл байқауды мен екі жыладай қарап бақылап келдім. Және деосы жылы Жетісу облысымызға филармонияға осы байқау жайлы хабарлама жіберілгенболатын. Көре салысымен қатысамын деген ойға келдім. Бірінші кезеңге Мақсұт Жадыков ағамның қош болдеген әнін айтамын. Бұл авторлық ән көп айтылмаған әлі. СОл себепті осы әндә үлкен сахнада жақсы қырынан таныта аламын деп сенемін.
Байқау шартына сәйкес, қатысушы екі музыкалық шығарма орындайды.  Біріншісі Қазақстанның танымал композиторларының авторлық аранжировкадағы әні, екіншісі вокалды аспаптық ансамбльдің сүймелдеуімен өз таңдауындағы ән.

МАРЖАН АРАПБАЕВА – ЭСТРАДА ӘНШІСІ
- Осы Түркістан дауысы фестивальі басталғалы мен қазылар алқасында отырмын. Жыл сайын біз әрине таңқаламыз. Бұрыфннан танымал болып жүрген әншілермен қатар жаңадан есімдер де пайда бола бастайды. Сол біз үшін үлкен ашылу. Уау бізде мынандай да әншілер бар екен ғой деп. Қзаіргі таңда біздің республиканың әншілері өте өте жан-жақты.
 
Жүлделі орынды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, мәтіні мен әуенінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне баса назар аударды. Жеңімпаздарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары берілетін болады.