Мегаполисте керамогранит өндіретін ірі зауыт ашылды. Қытайлық кәсіпкерлердің қолдауымен бой тіктеген кәсіпорынның жалпы құны 25.5 млрд теңге. Өндіріс ошағының ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, құтықтау тілегін жеткізді.  
Мұндай зауыттың мегаполиске берері мол. Талай шымкенттік осы кәсіпорыннан екі қолға бір күрек табады. Төлеген салығы қала қоржынын толтырады. Алғы сөз алған Ғабит Әбдімажитұлы шаһарға  тартылып жатқан инвестимцияның тиімділігін тілге тиек етті.

 ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Бұл өндірістен бөлек жақын арасында хытайлық инвестицияға мусор өңдей зауыты ашылады Жобаны жүзеге асырып жатқан достарыфмызға рахмет
ХУ ЦЗЯНЬГО, «WAN SHENG CERAMIC» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
- Бүл ашылып жатқан зауытымыздың бірінші кезеңі. Екінші кезеңін жүзеге асырғанда тағыда көпьтеген жұмыс орындары ашылады. жобаны жүзеге асыруда көрсеткен көмегі мен белсенді қолдауы үшін қала әкімдігіне алғыс  білдіремін. Біздің  компания заманауи технологияларды енгізумен қатар, қызметкерлерді дамытуға арналған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейді.

 Жобаны жүзеге асырған «Wan Sheng Ceramic» ЖШС.  Бұл серіктестің әлемнің көптеген елдерінде өз зауыттарын ашып кәсібін көркейткен. Көршілес Өзбекстанда да төсеніш тақтайшаларын шығаратын дәл осындай зауыты бар.

БІРЖАН ӘЗІМБЕРДИЕВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ    
-  2023 те наурыз айында  басталған құрылыс жұмыстары  Қысқа уақытта бітірді.

Бірінші кезең аясында зауыт 12,7 млн шаршы метр өнім шығаруды жоспарлап отыр. Екінші кезеңі іске қосылып, толық қуаттылыққа шыққан соң бұл көрсеткішті 25,4 млн шаршы метрге жеткізу көзделуде. Кәсіпорында 350 жұмыс орны құрылады. Айта кетерлігі, жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру отандық нарық сұранысының үштен бірін қамтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта кәсіпорын ішкі нарықты керамикалық плиталармен толық қамтамасыз етпек.