Зиянды зат тасымалдаушылар есірткі жарнамасын қала қабырғалары мен тұрғын үй қас беттеріне жазып, белгі қалдырады. Осы арқылы тұтынушы тартып, сауда жүргізеді. Есер жолға елітетін есірткі өнімдерін тиып, таратушылардың жолын кесу мақсатында 1500-ден аса ерікті бас біріктіріп, полициямен бірлесе әрекет етті. Мұндағы мақсат: қаланың қуыс-қуысын кезіп, күдікті жарнамаларды жою.

Синтетикалық есірткі тасымалдаушылар, қуыс-қуысқа жасырын белгі қалдырады. Айласы асқандар арам неитін әлеуметтік желі арқылы іске асырады. Биылдың өзінде тап осындай 612 дерек тіркелген. Еріктілер «есіркісіз қала» науқаны аясында, бірнеше топқа бөлініп, күдікті орындарды аралады. Күмәнді жазбаларды өшіріп, тұрғындарға үнпарақ таратты.
АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Бір қуысты қалдырмай, бір үй қабырғасын қалдырмай, аула, көшенің бәрін аралап өтіп, графити есірткі жарнамаларын анықтап, жойамыз бүгін» -

 Денсаулыққа, психикаға, әлеуметтік қарым-қатынасқа және өмір сүру сапасына теріс әсер ететін есірткі  – қоғам тынышын алған дерт. Дененің қалыпты функциясын бұзып, депрессия, психикалық бұзылыс сынды ауыруларды оятады. Бір сәттік рақат үшін барын беріп, есінен адасатындар бар. Құмарын қанағаттандыруға қаржы таппай қажығандар  қылмыс жасап, ұрлыққа барады. Осы сынды алдын-алу шараларына қашанда еріктілер белсене қатысып, атсалысады – дейді жауаптылар.

ДАНАРА САРАНОВА, ASSA ЕРІКТІЛІК ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
– «Бүгін мысалы біздің ұйымнан 20-дан аса ерікті қатысып отыр. Бірақ біздің әріптестер өте көп. Осындай іс-шара болып жатқанын есітііп , үлестерін қосып жатыр»

Сондай-ақ, еріктілер интернет алаяқтықтың алдын алу бағыты бойынша да түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қала тұрғындарына үнпарақ таратты.