Қазақстан уран өндірісі бойынша Австралия, Канада сияқты алпауыт елдерден кейінгі орында тұр.  Енді сол өндіріліп жатқан элементті тиімді пайдаланудың кезі келді дейді ғалымдар. Оның бір шешімі Атом электр станциясын салу. Оңтүстік қазақстан педогогикалық университетінде аналар кеңесі  алдағы жалпыұлттық референдум мен АЭС салу мәселесін талқылады.  Экологиялық энергия көзі жайында нәзікжандылар не дейді? Нұрлан Пайзовтың сюжетінде толығырақ.  
Күннің өзекті тақырыбына айналған АЭС 00салу мәселесі аналар кеңесін айналып өтпеді. Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университеті қабырғасында бас қосқан нәзікжандылар атом электр станциясының тиімді әрі қауіпсіз жақтарын терең түсіну үшін сала мамандарын арнайы шақырыпты.   
ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА – ОҚПУ РЕКТОРЫНЫҢ М.А
- Экология мәселесі бойынша біздер бірнеше зерттеу жүргізгенбіз. АЭС-тің экологияға, табиғатқа зияны бар ма жоқ па?- деген сұрақтарға жауап береміз. Осы мәселеде біздің университетте ғылыми жұмыстар жүргізген. Сондықтан бұл жиынды университет қабырғасында өткізіп жатырмыз. Біздің ғалымдарымызбен бірге сол сұрақтарға дұрыс жауап береміз деп және халыққа соны жеткізу мақсаты.
  Ал биология ғылымдарының кандидаты, эколог маман Халима Сартаева соңғы 20 жылда уран өндірісінің қоршаған ортаға әсері тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізіпті.  Айтуынша уран өндірісінің қоршаған ортаға зияны жоқ. Ал оны атом электр станциясында қолданылуы қауіпсіз дейді.
ХАЛИМА САРТАЕВА - БҰҰ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КОРРЕСПОНДЕНТ МҮШЕСІ
- Қазіәрде халықтың арасында АЭС салу үрей бар. Ол үрей радио нуклитер жұғады, отходтар жұғады деген. Ондай емес. Қзіргі буын 3,3+ реакторлар. Ол жерде барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Сол реактордың ішінде ұшып кележатқан боен келседе жарылсада жарылмайды. 24 сағат бойы жұмыс істейді.
Басқосуда бүгінгі электр көзіне айналып отырған станциялардағы ауаға бөлінетін зиянды қалдық мөлшері көп екені айтылды. Салдарынан атмосфераға бөлінетін парниктік газ климатқа кері әсерін тигізіп, табиғи апат көбейген. Ал, ел арасында талқыланып жатқан атом электр станциясы экологиялық энергия көзі болып қалмақ.