Елімізде суицидті насихаттаған 157 факті анықталды. Оның ішінде 20-сы әлеуметтік желілерді пайдаланған. Кеселдің алдын алу мақсатында 50-ден астам интернет ресурс бұғатталды. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов «Astana Media Week» апталығында журналистердің сұрағына жауап беру барысында мәлім етті. Медианың әсері және цифрлық үндестік деп аталатын жиында бүгін қазақ басылымдарындағы өзекті проблемалар қозғалуда. Астана төрінен әріптесіміз Гүлсанат Қалмырзақызы сөз алады.