Түркістанда «Қазына керуен - 2024» акциясы өтті. Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен, «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шараға Төлеби, Сайрам және Түлкібас аудандары қатысты. Бұл жиын аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихты насихаттауды көздейді.
Әдеби кеште  ақын, жазушылардың өлеңдерінен әдеби композициялық көрініс көрсетті. «Туған жерім тұғырым», «Төлебидің ғажайып өрнектері», «Шырайлы - Шұбарқызылым» атты композицияларды көрермен назарына ұсынды.  
 Бұл күні кітапханашылар «Сақ патшайымы – Томирис», «Қазақ хандығы. Абылай Хан», «Алаш зиялылары». «Тұрар.Тарих.Тұлға» тақырыптары аясында өткен әр дәуірдің тұлғалары жайында сахналық қойылым көрсетті.
Айтып өтейік, бұл жиын дәстүрге айналған. Әр ауданның кітапханашылары әдеби кеш өткізіп, Түркістан жерін мәдениет пен руханиятқа бөлеп жүреді. Фестиваль жыл соңында қорытындыланады.